14 Мамыр 2021
Материал №10 С.Муканов

"Бастауыш сыныптар" бөлімі

«Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» тақырыбында бастауыш

сынып әдістемелік бірлестік семинарының  жоспары  23.02.2022 жыл

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына және шығармашылық қабілеттерін ашуда жаңа әдіс-тәсілдер арқылы сапалы білім, өнегелі тәрбие алуын жүзеге асыру.

Міндеттері: Оқушылардың ойлау көрсеткіші қызметінің заңдылықтарын ескере отырып,  оқушының жеке-даралық қабілеттерін арттыру,  нені есте сақтау керек, соған бағыттау.


№ 10 С. Мұқанов атындағы  орта мктептің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің

«Саралап оқыту – жетістік көзі » тақырыбындағы онкүндіктің қорытынды есебі

Қазақтың дарынды ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»-деген екен. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушылары. Баланың жеке басын дамытудың басты кепілі-сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.

Жалпы білім беретін № 10 С. Мұқанов атындағы орта мектебі 15.11. - 20.11.2021ж.  аралығында «Саралап оқыту – жетістік  көзі» тақырыбында  бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды саралап оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту.

Міндеттері:

- Оқушылардың ойлау көрсеткіші қызметінің заңдылықтарын ескере отырып, оқушының жеке-даралық қабілеттерін арттыру;

- Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, танымдық ізденістерін қалыптастыру.

Онкүндік  мынадай жоспарда құрылды:

Жұмыстың мазмұны

Түрі

Сыныбы

Уақыты

Жауапты мұғалімдер

1

Апталықтың ашылуы

Сыныптан тыс іс-шара

0-4 сыныптар, мектеп мұғалімдері

15.11.2021

10:05-10:20

Пән бірлестік жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімдері

2

Н. Айтов Оқулық

/әдебиеттік оқу/

Ашық сабақ

2 «Ә»

15.11.2021

14:00-14:45

Унайжанова Ш. З.

3

«Білім жанған шырағың»

Интелектуалдық ойын

1 сыныптар

16.11.2021

11:10-11:55

Ізбасарова Ұ. Т.

4

Ең үздік қолөнер туындысы.

«Алтын қалам»

Көрме

 

Ең үздік қазақ тілі дәптер-лерінің көрмесі.

0-4 сыныптар

 

2-4 сыныптар

16.11. - 20.11

Пән бірлестік жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімдері

5

Халқымыздың салт- дәстүрі

/әдебиеттік оқу/

Ашық сабақ

4 «В»

16.11.2021

10:20-11:05

Салиева А. О.

6

Көңілді тапқырлар

Сайыс

2 сыныптар

17.11.2021

11:10-11:55

Аяпбергенова Б. О.

7

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері  /қазақ тілі/

Кіріктірілген сабақ

4 «Б»

17.11.2021

9:20-10:05

Конаккалиева А. Н.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Муханбетова   А. Ә.

8

Т. Жароков  Ауыл күзі /әдебиеттік оқу/

Ашық сабақ

3 «В»

17.11.2021

14:50-15:35

Сембай А. Е.

9

«Мектеп -оқушы- ата-ана»

Үштік дөңгелек үстел

3 «Г»

17.11.2021

16:40-17:25

Кулмашева Г.Ж.

 

10

Хабарлы сөйлем

/қазақ тілі/

Ашық сабақ

2 «А»

18.11.2021

14:50-15:35

Есенова С. Т.

11

Ертегілер елінде

Қойылым

0 сыныптар,

Шағын топ

19.11. 2021

14:00-14:45

Мад, Шағын топ жетекшілері

12

Оқу дағдыларын жетілдіру – білім сапасын арттырудың  белсенді әрекеті

Тәжірибе алмасу

бастауыш сынып мұғалімдері

19.11.2021

12:50-13:35

 Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Мустажапова А. Б.

Қуанышбекова А. Б.

 

13

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Фестиваль

0-4 сыныптар, бастауыш сынып мұғалімдері

20.11.2021

10:00-12:00

Бастауыш сынып мұғалімдері

Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің жұмыстарына тоқталсақ:

15 қараша күні онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатына 4 «ә» сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Оқушылар  оқу-білім туралы өлең жолдарын, әндер айтты. Онкүндіктің жоспары таныстырылды. 

15 қараша күні  Унайжанова Шолпан 2 «ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен  Н. Айтов «Оқулық» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыларды психологиялық тренингпен ұйымдастырып,сабақты жақсы көңіл-күймен бастады.Әр топқа ерекше тапсырмалар беріп, сабақта оқушыларды қызықтыра білді. Топтар өз жауапкершілігін біле алды . Ұстаз сабақ барысында пайдаланған әдістерін  өз орнында тиянақты қолдана алды. Ұстаздың оқушымен қарым –қатынасы, тапсырманы беруі, тақтамен жұмысы жан-жақтылығын көрсете алды. Ашық сабақтан үйренетін әр түрлі тәсілдер де болды.

Ұсыныстар: Мұғалім сурет бойынша  өлеңді оқытуға көп уақыт бөлді. Уақытты дұрыс пайдалану керек деген ұсыныс айтылды.

16 қараша  күні 0-4 сынып оқушыларының арасында  «Ең үздік қолөнер туындысы», 2-4 сыныптар арасында  «Алтын қалам»  атты  ең үздік қазақ тілі дәптерлерінің көрмесі  болып өтті. Ең үздік қолөнер туындысында оқушылар өз қолдарымен жасаған жұмыстарын ұсынып, шығармашылықтарын шыңдай түсті. «Алтын қалам» ең үздік қазақ тілі дәптерлер көрмесін ұйымдастырудың басты мақсаты,  оқушылардың жазу каллиграфиясына мән беру,  көркем жазуға баулу. Бұл екі көрмегеде  барлық сынып оқушылары белсене қатысып, марапатталды.

16 қараша күні Салиева Айбөбек 4 «в» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Халқымыздың салт-дәстүрі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақ басында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында,  әзіл аралас сұрақтар қойды. «Бірлесіп орында» айдары бойынша оқушыларды салт-дәстүр туралы әңгімелетті, «Ойлан» айдары бойынша сұраққа оқушылар өз ойларын айтты, «Оқу түрлерін қолдан» айдары бойынша  оқу түрлерін қолданып оқытты, «Есіңе түсір» айдары бойынша тұрмыс-салт жырларын жинақтап жазса, «Өзгертіп айт» айдары бойынша кестеме жұмыс жүргізілді.   

Ұсыныстар: Мұғалімге оқушының өз ойын айтуына мүмкіндік беруіне, сабақ мақсаты толық ашылмағандығы ескертілді.

17 қараша күні Аяпбергенова Бибігүл 2 сыныптар арасында «Көңілді тапқырлар» сайысын өткізді. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысып,  топтарға бөлінді. Әр топ өздеріне бөлінген тапсырма бойынша жедел, ұтымды, тиянақты жауабымен ұстаз арасындағы жақын байланыс көрінді. Іс-шара тақырыбына сай презентация көрсетіліп, балалар тапсырманы слайдтан қарап таңдап отырды. Әділ-қазылар алқасы бағалағаннан кейін, топтардың жинаған балдары бойынша жеңімпаз топ анықталып, марапатталды. Оқушылардың  қызығушылығы, белсенділігі жоғары болды.

17 қараша күні 4 «б» сыныбында Конаккалиева Айнұр және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мухамбетова Ажар қазақ тілі пәнінен «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді.  «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» мақалының мағынасын талдау арқылы, бірлесе жұмыс орындауға шақырды.  «Ойлаудың алты қалпағы», топта саралау тапсырмалары, «Сұрақ, жауап, сөйлем» ойыны, «Суреттер сөйлейді» әдістері қолданылып, «Тәуелсіздік                белесі – ұлы арман кемесі»  рефлексия түрінде беріліп, кері байланыс алынды. Сабақтың өне бойында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас тығыз болды. Берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылып, өте тартымды сабақ болды.

17 қараша күні 3 «г» сыныбында Кулмашева Гүлшара «Мектеп-оқушы- ата-ана» тақырыбында үштік дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Ата-ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту, бала тәрбиесінің бағбаны – ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру. Оқушы мен ата-ана, мұғалім бір-бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру. Мұғалім кіріспе сөз сөйлей отырып, «Байланыс» тренингін өткізді.Барлығы ортаға шеңбер құрып, қағаздарды пайдаланып, допты түсіріп алмайтындай жалғай отырып, берілген сөйлемдерді аяқтайды. Мысалы: Менің атым....., мен өз отбасымды жақсы көремін, себебі...... т.б. «Бақытты отбасы моделін құру» топтық жұмыс түрінде берілсе, «Кім жылдам?»  ойыны арқылы өз балалары туралы сұрақтар қойылды.  Сергіту сәтінде, бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

  • егер «әке» десеңіздер – қолды шапалақтаңыз,
  • егер «шеше» десеңіздер – қолды бұлғаймыз,
  • егер «екеуі» десеңіздер – орнымыздан тұрамыз.

Қатысушылар орындарынан тұрып, бала тәрбиесіне әке мен шешенің қатысы бірдей екендігін айтты. Сонымен қатар, «Суреттер сөйлейді» экраннан мақал-мәтелдерді табу, балалардың ой-өрісінің ұшқырлығын байқау мақсатында, суретті өлеңді оқимыз, қызықты санамақтар берілді. «Кездейсоқ жағдайдан шығу» жағдаяттар берілсе, «Жұмыртқа» тақырыбында тест жұмысын жүргізе отырып, ерекше қасиеттерді танып білуге мүмкіндік туғызылды. «Тілек шамы» жаттығуы арқылы бір –бірлеріне тілек айтқызу арқылы қорытындылады. Мұғалімнің үлкен жауапкешілікпен өткізген жұмысы өте сәтті орындалғандығын, қатысушылардың алған әсерлерін білдірулерінен –ақ көрініп тұрды.

18 қараша күні Есенова Сауле 2 «а» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Хабарлы сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Броундық қозғалыс», «Шынжыр сұрақ» әдісі, «Маған көрсет» әдісі, «Тарсия» әдісі, «Жасырын сөздер» ойыны, саралау тапсырмалары, кері байланыста 1 топ «3 Қ» әдісі, 2 топ «Бір ауыз сөз», 3 топ «Шеринг» әдісін пайдаланды. Осы әдістердің әрқайсысын өз орнында тиянақты қолдана алды. Ашық сабақтан үйренетін әр түрлі тәсілдер де болды.

19 қараша күні Мектепалды даярлық және шағын топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Мақта қыз»  ертегісіне қойылым өткізді. Қойылым өте жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар кейіпкерге сай киім үлгілерін киіп, әрбір кейіпкердің рөлін керемет көрсете білді. Бала тілі – бал дегендей, әсіресе оқушылардың кейіпкерлерді келтіре сөйлеуі және оны қимылмен көрсетуі, ерекшке көңіл-күй туғызды.

19 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Мустажапова Айымгүл және Қуанышбекова Айкенже  «Оқу дағдыларын жетілдіру – білім сапасын арттырудың  белсенді әрекеті» тақырыбында тәжірибе алмасу коучнигін өткізді. Мақсаты: бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері арасында кәсіби тәжірибе алмасу; білім алушылардың оқу  дағдыларын дамытып жетілдіруде бірлескен жұмыс түрлерін жандандыру; білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтырып, білім сапасын көтеру. Коучниг барысында: тыңдалым, айтылым дағдыларын жетілдіру жолдарын саралау, оқылым дағдыларының негізгі іс-әрекеттерін жинақтау, жазылым дағдысын дамытудың өзектілігін  анықтау туралы қосымша мағлұтаттар беріліп, талқыланды. Видео сжюжеттерді тамашалап, мұғалімдер өз пікірлерін ортаға салды.

«Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай,  жоғарғы және бастауыш сынып мұғалімдері бірлесе отырып осыдай іс-шараларды ұйымдастыру, білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың жолдарын анықтауда маңызы зор. Ұсыныс ретінде  жоғарғы және бастауыш сынып мұғалімдері кесте бойынша бір –бірлерінің сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасып,  үнемі тығыз байланыста болу керектігі айтылды.

20 қараша күні Бастауыш онкүндігінің жабылуына Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» тақырыбында фестиваль өткізілді. Фестивалге 0-4 сынып оқушылары және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Фестивалде өлеңдер оқылып, әндер шырқалып, билер биленіп, қойылымдар қойылып, қатысушылар өте жоғары деңгейде өткізілген шара болғандығын айтты.

Бастауыш сынып онкүндігі барысында бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, логикалық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік алды. Барлық  өткізілген ашық сабақтарда, өткізілген шараларда бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты.

Мұғалімдер ашық сабақтарында, өткізген іс – шараларында  жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды. Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.

 

Ұсыныстар:

  1. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді оқу мақсатына сай тиімді қолдана білу.
  2. Оқушылардың сөйлеу тілін арттыруға жұмыстану.
  3. Саралау тапсырмаларын оқушылардың қабілеттерін ескере отырып беру.

Бастауыш сынып әдіс бірлестігінің жетекшісі: Утенова Асел Идаятовна


Бекітемін

Мектеп директоры:

................ Р. Н. Бердигалиев

«15» қараша 2021 жыл

«Саралап оқыту – жетістік көзі» тақырыбында бастауыш

сынып әдістемелік бірлестік онкүндігінің  жоспары  15.11. - 20.11.2021 жыл

Мақсаты: Оқушыларды саралап оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту.

Міндеттері:

- Оқушылардың ойлау көрсеткіші қызметінің заңдылықтарын ескере отырып, оқушының жеке-даралық қабілеттерін арттыру;

- Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, танымдық ізденістерін қалыптастыру.

Жұмыстың мазмұны

Түрі

Сыныбы

Уақыты

Жауапты мұғалімдер

1

Апталықтың ашылуы

Сыныптан тыс іс-шара

0-4 сыныптар, мектеп мұғалімдері

15.11.2021

10:05-10:20

Пән бірлестік жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімдері

2

Н. Айтов Оқулық

/әдебиеттік оқу/

Ашық сабақ

2 «Ә»

15.11.2021

14:00-14:45

Унайжанова Ш. З.

3

«Білім жанған шырағың»

Интелектуалдық ойын

1 сыныптар

16.11.2021

11:10-11:55

Ізбасарова Ұ. Т.

4

Ең үздік қолөнер туындысы.

«Алтын қалам»

Көрме

 

Ең үздік қазақ тілі дәптер-лерінің көрмесі.

0-4 сыныптар

 

2-4 сыныптар

16.11. - 20.11

Пән бірлестік жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімдері

5

Халқымыздың салт- дәстүрі

/әдебиеттік оқу/

Ашық сабақ

4 «В»

16.11.2021

10:20-11:05

Салиева А. О.

6

Көңілді тапқырлар

Сайыс

2 сыныптар

17.11.2021

11:10-11:55

Аяпбергенова Б. О.

7

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері  /қазақ тілі/

Ашық сабақ

4 «Б»

17.11.2021

9:20-10:05

Конаккалиева А. Н.

8

Т. Жароков  Ауыл күзі /әдебиеттік оқу/

Ашық сабақ

3 «В»

17.11.2021

14:50-15:35

Сембай А. Е.

9

«Мектеп -оқушы- ата-ана»

Үштік дөңгелек үстел

3 «Г»

17.11.2021

16:40-17:25

Кулмашева Г.Ж.

 

10

Хабарлы сөйлем

/қазақ тілі/

Ашық сабақ

2 «А»

18.11.2021

14:50-15:35

Есенова С. Т.

11

Ертегілер елінде

Қойылым

0 сыныптар,

Шағын топ

19.11. 2021

14:00-14:45

Мад, Шағын топ жетекшілері

12

Оқу дағдыларын жетілдіру – білім сапасын арттырудың  белсенді әрекеті

Тәжірибе алмасу

бастауыш сынып мұғалімдері

19.11.2021

12:50-13:35

 Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мустажапова А. Б.

13

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Фестиваль

0-4 сыныптар, бастауыш сынып мұғалімдері

20.11.2021

10:00-12:00

Бастауыш сынып мұғалімдері