25 Қырқ 2020
Материал №10 С.Муканов

Бос орындар

"Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің "Жалпы білім беретін №10 С.Мұқанов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.

Конкурс төмендегідей лауазымдар бойынша өтетін болады.

  1. Дене шынықтыру (1 қазақ сыныбына);
  2. Бастауыш сынып мұғалімі (1 қазақ сыныбына);

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.

1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

Конкурс 2022 жылдың 6 қаңтарында мектеп ғимаратында өтеді!

Атырау қаласы, Бейбарыс даңғылы, №36 құрылыс

Телефон: 8-712-2-46-68-04, 8-775-492-02-45

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

"Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің "Жалпы білім беретін №10 С.Мұқанов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекттік мекемесі

№10 С.Мұқанов орта мектебі бойынша оқу ісінің меңгерушісі конкурсына түсетін үміткердің құжаттары

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1 ставка
  2. Хатшы – 1 ставка
  3. Кіші қызметкер – 1,5 ставка