02 Нау 2022
Жаңалықтар

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 33 жыл

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 33 жыл

18 ақпан күні АӘД пәні мұғалімі Ермукашев Галымжанның ұйымдастыруымен  Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 33 жыл толуына орай "Жас мерген" атты 9 - 10 сынып оқушыларының арасында жарыс өткізілді.

Іс - шараның мақсаты: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

16 ақпан күні музыка пәні мұғалімі Лаззат Булатовнаның ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 33 жыл толуына орай "Елім деп соғар жүрегім" атты 4 - 5 сынып оқушыларының арасында патриоттық әндер байқауы өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру. Өнерге біртабан жақындату.

Шараға белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

17 ақпан күні АӘД пәні мұғалімі Галымжан Кабдуллиевич пен тарих пәні мұғалімі Айдын Мансуровичтың ұйымдастыруымен  Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 33 жыл толуына орай "Ауған асуында от кешкендер" атты 9 сынып оқушыларының Ауған соғысы ардагерлерімен кесдесу кеші өткізілді.

Іс - шараның мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу. Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Кеш қонағы - Сатыбалдиев Байжігіт Жолдыбайұлы.

№10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп кітапханасында

17 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 33 жыл толуына орай "Ауған соғысы ардагерлері " тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Бұл көрмеде 8 сынып оқушыларына  филология ғылымының кандидаты Ермекова Айгүл Әміржанқызының "Ауған соғысындағы Атыраулық жауынгерлер шежіресі" (1979 - 1989жж) атты кітабы таныстырылды.

Іс-шараның мақсаты:  Ауған соғысына қатысқан  жауынгерлерге сый -құрмет көрсетіп, Ауған соғысы туралы әдебиеттерді насихаттау.  Жас ұрпақтың бойында Отансүйгіштік сезімдерін арттыру