02 Нау 2022
Жаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚ 9 ПЕДАГОГ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ

Қарағанды қаласында өткен "Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар" тақырыбында математика пәні мұғалімдерінің съезіне мектебіміздің математика пәні мұғалімі, педагог-шебер Ибраш Қансұлу Зайымқызы қатысты.

Съезге қатысушылар математиканы оқыту сапасын арттыру, білім алушыларды олимпиадаға дайындау секілді мәселелерді талқылады.